Қысқаша сипаттама:

«Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№1  «Балапан» балабақша- бөбекжайы» КМҚК-да барлығы 14 топ жұмыс жасайды. Тәрбиелеу-білім беру процесі мемлекеттік және орыс тілдерінде ұйымдастырылады. Балабақшада барлығы 40 педагог білім беру процесін жүзеге асырады.

ҚР Оқу-ағарту Министрінің 2023 жылғы 1 шілдесіндегі «Озық педагогикалық тәжірибені тарату және енгізу үшін мектепке дейінгі ұйымдардың құзыреттілік орталықтарын құру туралы» бұйрығына сәйкес құзыреттілік орталықтарының құрамына енді. 

Толық сипаттама:

Балабақша ғимараты Шығыс Қазақстан облысының әкімі мен "Қазмырыш" ЖШС кәсіпорны арасындағы жеке-Мемлекеттік әріптестік шеңберінде өзара ынтымақтастық туралы меморандум негізінде салынып, 2010 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілді. Жобалық қуаттылығы - 330 бала.

№1 «Балапан» балабақша-бөбекжайында мектеп жасына дейінгі балаларды толыққанды дамыту, заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Балалардың физикалық-әлеуметтік дағдыларын  дамытуда    бассейн, тұзды бөлме, дене шынықтыру залы, жолда жүру ережесін қалыптастыру алаңы; шығармашылық-коммуникативтік дағдыларын дамытуда -шығармашылық шеберханасы, музыка залы, хореография залы; инклюзивті білім беруді ұйымдастыруда логопед, педагог-психолог кабинеті, сенсорлық бөлмесі, рефлексия бөлмесі; әлеуметтік - эмоционалды және коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру бойынша мультстудия, ұлттық орталық; танымдық-зияткерлік дағдыны дамыту бойынша робототехника, интеллектум ойындары ұйымдастырылған. Балалардың бос уақытын ұйымдастыруға арналған «Цирк» орталығы бар.

Педагогтар балалармен жұмыста ақпараттық-коммуникативтік технологияны кеңінен қолдануда. Балалар  интерактивті тақтаның мүмкіндігін тиімді пайдаланады.

Балабақша педагогтары өз жұмыстарын ұйымдастыруда В.Воскобович дамытушы ойындар технологиясын, «Бусоград», «Арт-терапия», «Steam-технологиясы», ТРИЗ, сыни ойлауды дамыту, АҚТ, технологияларын қолданады.

Балабақша педагогтары 2022-2023 оқу жылында Облыстық «Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи талаптар», Республикалық «Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі дағдыларын қалыптастыруда педагог шеберлігінің ролі», «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ШҚО Өскемен қаласындағы күндері» іс- шаралар аясында өткен тәжірибе алмасуда, семинарларда тәжірибе таратты. 

Балабақшаның педагогикалық ұжымы 2023 жылдың 21 маусымынан бастап, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, педагогика факультетінің мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық кафедрасымен «Қазақстанда қоғамдық сананы жаңғырту өскелең ұрпақтың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру шарты ретінде» жобасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

ҚР Оқу-ағарту Министрінің 2023 жылғы 1 шілдесіндегі «Озық педагогикалық тәжірибені тарату және енгізу үшін мектепке дейінгі ұйымдардың құзыреттілік орталықтарын құру туралы» бұйрығына сәйкес құзыреттілік орталықтарының құрамына енді.